SEN BARDA

by Tolen

Lyrics : Төленді Әлқожа
Music : AUKA
Әні: Әлжан Нұрлыбек
Сөзі: Саят Әбенов
СЕН БАРДА …
1.Үндемей бір сәт тұрайық,
Бәрін де ішке тынайық.
Жеткізу сөзбен тым ауыр,
Кешірім көзбен сұрайық.
Бұл тағдыр солай шыдайық,
Тақса да бізге кім айып?!
Жеңілдеп жүрек қалсыншы,
Сырласып бірге жылайық.
Қайырмасы:
Сен барда бәрі жеңіл,
Түспейді мендік көңіл.
Сен жоқта керек емес,
Бес күндік мына өмір!
Сен барда бәрі жақсы,
Ағынға жүзем қарсы.
Сен жоқта бәрі қиын,
Қинамай бірге қалшы.
2.Сырыңды қай жан аша алды?
Ұмыттым деуің жасаңды.
Жүрекке әмір жүрмейді,
Алдайсың мені қашанғы?
Іздеме мейлі сағынба,
Бағала бірақ барымда.
Көлеңке сезім уақытша,
Сен болшы мәңгі жанымда.